Тұлғалық ерекшеліктер екшелді

0 153

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалып­тас­қан мемлекеттің жаңа саяси­ бағыты» атты Жолдауында білім берудің сапа­сын­ арттыруға байланысты жан-жақты айтылғанын білеміз. Осы орайда елор­да­мыз­дағы №57 мектеп ұжымы да айтулы жолдаудың аясында өз бағдар­ла­масын әзір­леп, нақтылы шараларды жүзеге асырып келеді.

Жақында мектепте «Құзырлылық – білім беру жүйесінің сапалық критерийі» тақырыбында кең көлемде әдістемелік семинар болып өтті. Семинардың негізгі мақсаты – жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздес­ті­ру,­ пәндік білім саласында игерілетін білім­де­рін анықтау. Сонымен бірге оқушы­лар­дың тұлғалық ерекшеліктерін ашатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асатын оқыту ұйымдастыру. Семи­нарда оқушының құзырлығын қалып­тас­ты­ру бағытында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Қасымова тақырып бойынша баяндама оқып, құзыр­лы­лық­тың білім, білік, дағдыдан айыр­ма­шы­лы­ғын, педагогикалық ситуация туды­ру­дың білім берудегі маңыздылығы жайында ой бөлісті. Баяндаманың практи­ка­лық жағын ашу үшін биология пәнінің мұғалімі А.Кульбабенова ашық сабақ көрсетті. Сабақтың құрылымы өте сапалы,­ мұғалімнің бағыттауымен оқушы­лар тақы­рып­ты аша білді. Мектеп­ пси­хо­лог­тары А.Меңлібекова мен Ж.Өмір­бекова түрлі тренинг­тер өткізді. Семи­нар­ға қатысқан мұғалімдер 3 топқа бөлініп, жоғарыда айтылған оқушының құзырлығын қалып­тас­тыруда жоба қорғады.

Семинар қорытындысында мектеп директоры Қ.Мұқанов жоба қорғаған мұғалімдердің жұмысына оң баға берді. Сондай-ақ, 12 жылдық білім беру жүйесінің енуі жеке тұлғаның құзырлылық қабілетін қалыптастыруды көздеген заман талабы екендігін атап өтті.

Ғ.САРИЕВА,
№57 орта мектептің мұғалімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =