Тұлға туралы танымдық жоба

0 16

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 10 бөлімді «әл-Фараби» анимациялық телехикаясын жарыққа шығарды. 2D форматта жасалған танымдық жобаның әр бөлімі 8 минуттан тұрады.

Телехикаяның мақсаты – түркі елінен шыққан Әбу Насыр әл-Фарабидің тағылымды өмір жолын баяндау арқылы еліміздің бүлдіршіндері мен жастарын ғылым-білімге бау­луды көздейді.
– Ұсынып отырған жобамыздың тарих пен болашақ арасындағы алтын көпір боларына нық сенімдіміз. Себебі Әбу Насыр әл-Фараби – әлемдік ғылым мен білім тарихындағы ұлы тұлға. Осынау теңдессіз ғалымның өмірі мен ғылыми ізденістері жайында тұшымды дүние жасауды басты міндетіміз деп білеміз. Жобада әл-Фарабидің ғылыми жетістіктерге оқу, ізденіс, еңбек пен даналықтың арқасында жеткені баяндалады. Мұндай көркемдік, концептуалды шешім экран алдындағы бүлдіршіндердің ізденіске, еңбек пен оқуға бет бұруына себепкер бола алады деген ойдамыз, – дейді арна директоры Мақпал Жұмабай.
Анимациялық телехикая әлемдік өркениет пен мәдениеттің ошағы болған ежелгі Тикаль, Афина, Бағдат, Каир, Шаңан, Фараб қалаларын таныстырудан басталады. «әл-Фараби» анимациялық жобасы «Balapan» телеарнасынан дүйсенбі-жұма күндері, сағат 20:10, 23:00-де көрсетіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =