«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тұлға коллекциясын тамашалады

0 299

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің коллекциясынан құралған «Тұлға бар да, кітап бар» атты көрме өтті. Көрмеге тұлғаның мемлекеттік марапаттары, оған сыйға берілген кітаптар мен өзінің соңғы жылдары жарық көрген еңбектері қойылды.

Осыдан төрт жыл бұрын ғалым өмір бойы жинаған 10 мыңнан астам кітабын аталмыш кітапханаға сыйға тартқан еді. Сонда ашылған «Мырзатай Жолдас­бековтің мемориалдық кітап коллекциясы» залын бұл жолы жаңа еңбектері толықтырды. Бұған қоса, көрмеге келгендер әр жылдары алған 79 медалі мен төрт орденін көрді.
Мәдениет және спорт ми­нистр­лігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, белгілі ғалым Ғарифолла Есім, жазушы Болат Бодаубай коллекция иесіне жылы лебіздерін жеткізді. Қатимолла Бердіға­лиев, Айгүл Үлкенбаева, Ұлжан Байбосынова сынды өнер саңлақтары жыр-термеден шашу шашты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды