Түлектер жұмыспен қамтылды

0 82

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылғы 17-18 сәуір күндері «Астана медицина университеті» АҚ-та медицина бакалаврларын, дәрігер-интерндерді және резиденттерді дербес бөлу бойынша жыл сайын өткізілетін «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті.

2012-2013 оқу жылында Астана ме­ди­цина университеті 87 резидент пен ке­лесі мамандықтар бойынша 506 дә­рігер-ин­тернді даярлады: «Емдеу ісі» – 330 (хирургия мамандығы – 50, жал­пы практика дәрігері – 81, терапия – 136, акушерия және ги­некология – 38, анестезиология және реаниматология – 6, сәулелік диагностика және те­рапия – 6, соттық медициналық са­рап­тама – 6, оториноларингология – 7); «Пе­диатрия» – 130 (педиатрия – 92, ба­лалар хирургиясы – 20, балалар жұқ­палы аурулары – 18), «Стоматология» – 46 дәрігер. Сонымен қатар, 105 бакалавр келесі мамандықтар бойынша: «Мейірбике ісі» – 17, «Фармация» –20, «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 68 университетті бітіріп шығады.
Түлектерді дербес бөлу қорытын­дысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына – 68, Қостанай облысына – 29, Ақмола облысына – 141, Астана қаласына – 400 және Қазақстанның өзге аймақтарына – 60, оның ішінде 116 түлек ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 4 =