Түлектер аттестат алды

0 66

Кеше елорданың барлық мектептерінде 11-сынып түлектері үшін аттестат пен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімі өтті.

Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, білім ордасын тәмамдаған тағы бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімнен кейін «Түлектер аллеясында» 261 ағаш отырғызылды.

Биыл бас шаһарда 6515 түлек мектеп бітірді. Олардың 387-сі – «Алтын белгі», 384-і – үздік аттестат иегері. Айта кететін жайт, биыл эпидемиологиялық ахуал­ға байланысты карантин аяқталғанға дейін түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынған.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ,
студент

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + twenty =