Түлеген Түркістан

0 34

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласы халықаралық әуежай мен өзге де ғимараттардың ашылу салтанатына қатысты.

Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Қаладан 20 шақырым жерде орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған. Оның құрылысына 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден аса құрылысшы жұмылдырылды. Жалпы ауданы 905 гектар болатын халықаралық әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды.
Сондай-ақ Елбасы жаңа «Түркістан-Арена» стадионына ат басын бұрып, «Самұрық-­Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен салынған жаңа спорт нысанын аралап көрді. Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге арналған. Ашық аренаның батыс және шығыс трибунасы бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.
Тұңғыш Президент аралаған тағы бір нысан – «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залы. Жаңа ғимаратта бір мың орындық көрермен залы, төрт дайындық бөлмесі, әкімшілік кеңселер және балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан. Ғимаратты аралап көру кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі көрсетілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − seven =