«Тұйғындарды» тарту етті

0 74

Елорда әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театры көрермендерге «Тұйғындар» атты хореографиялық спектаклін қайта ұсынды.

Осыдан он жыл бұрын премьерасы өткен туынды – қазақтың би өнерінде сахналанған алғашқы тарихи хореографиялық қойылым саналады. Бұл спектакльде алқымыздың көне түркілер дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі бастан кешкен сан түрлі оқиғалар бейнеленген. Әсіресе, жаугершілік заманда елдің бірлігі мен берекесін сақтаған хандар мен билердің сарабдал саясаты шынайы көрініс тапқан. Шығарма авторы Қазақстанның мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев тарихи оқиғаларды салмақты саралаған. Бұған ғылыми кеңесші ретінде ақыл қосқан белгілі түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының еңбегін айта кетейік.
Жалпы би тілі – образға толы. Қойылымда театрдың талантты бишілері шығарманың мазмұнын би тілімен бейнелі сөйлете білді. Олардың әр қимылы философиялық ойға құрылған. Спектакльде Құрманғазы атамыздан бастап, Е.Брусиловский, А.Жайымов, Ә.Қазақбай, Б.Рыспанбет секілді композиторлардың шығармалары ойналды. Сахна да әсемдігімен көз тартып тұрды. Осының бәрі сәтті үйлесім тауып, көрермендер көңілін әдемі әсерге бөледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + 19 =