Тұғырда – теннис тарландары

0 18

Елордадағы «Дәулет» спорт комбинатында теннистен Қазақстан қысқы чемпионаты мәреге жетті. Шымкент теннис мектебінің тәрбиеленушісі Достанбек Ташбулатов пен Аружан Сағандықова Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бір аптаға созылған додаға еліміздің өңірлерінен 100-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Ерлер арасында жекелей сында Достанбек Ташбулатов Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Күміс медаль Григорий Ломакинге, Ерасыл Ерділда қола жүлдесін иемденді.
Ал әйелдер арасында финалда 16 жастағы Аружан Сағындықова абсолютті чемпион атанса, екінші орынға Гозаль Айнитдинова шықты. Қола жүлде Жәнел Рүстемоваға бұйырды.
Жеңімпаздарды елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтап, жүлделерін табыстады. Жекелей сын жеңімпаздары 5 мың, күміс жүлдегерлер 3 мың, үшінші орын иеленгендер 2 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + fifteen =