«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Туған елді суреттеді

0 182

Қазақстан халқы ассамблеясының Астана қалалық өкілдігінің қолдауымен «Біздің отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!» атты жас суретшілер байқауы өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген байқауға 40-қа жуық жас қылқалам шебері қатыс­ты. Олар өз туындыларында, әсіресе, тәуелсіздік алғаннан бері бас қаламыздың символына айналған зәулім ғимараттар, көркіне көз тоймайтын әсем табиғаты, жазық дала сынды көріністерді бейнелеген. 6 мен 15 жас аралығындағы сурет салуға құштар жеткіншектер туындыларын гуашь, акварель сынды түрлі бояулармен салған. Ал осы конкурсты ұйымдас­тырушылардың бірі Нұркен Әбдіғалиұлы мұндай шараның қатысушыларға берер пайдасы мол екенін, жастарды патриот­тыққа тәрбиелеуге және таланттарды барынша жан-жақты қолдауға септігін тигізетінін айтады.
Осымен төртінші жыл өткізілген байқау нәтижесінде жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарға арнайы дип­ломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мәселен, I орынды Аделя Жүнісова, II орынды Наргиз Маратова, III орынды Асқар Тұрашев иеленді. Сондай-ақ барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Шара соңы мерекелік ән-шашуға ұласты.

Сабина КӘКІМЖАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды