©2020 Астана Ақшамы
Туберкулезге қарсы тұрмақ
Елімізде дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 24 наурызда облыс әкімдіктерімен бірлесіп Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізуге ниетті. Сондай-ақ, өкпе ауруына қарсы күрес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесе отырып, «Әзірге тірі тұрғанымда, туберкулезді тоқтатыңдар!» атты бастаманы жүзеге асырмақ.
– Туберкулезге қарсы күрес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты болып табылады. Бұл салада проблема жоқ емес. Соңғы 5 жылда өкпе ауруына шалдыққан адамдардың саны 34,9 пайызға, осы дерттің салдарынан өлім деңгейі 57,4 пайызға төмендеп отыр, – деді А.Әбибуллаев.
Айнұр ШОШАЕВА