Ту тұғырында тұрсын

0 107

Кеше елорда әкiмдiгiнде ҚР Мемлекеттiк рәмiздер
жөнiндегi қалалық комиссияның отырысы өттi. Жиынға Астана әкiмiнiң орынбасары Аида Балаева төрағалық еттi.

Басқосуда Алматы ауданы әкiмiнiң орынбасары Түсiп Рыспеков, Есiл ауданы әкiмiнiң орынбасары Гүлнар Қасенова, Сарыарқа ауданы әкiмiнiң орынбасары Төлеген Ахметов баяндама жасады. Баяндамашылар өз аудандарына қарасты мемлекеттiк мекемелерде рәмiздердiң орналасу ахуалымен таныстырды.
Өз кезегiнде комиссия төрайымы әрбiр патриоттық рухы бар қазақстандық азамат ұлттық нышандарын қастерлеп, оларды қорғауға, мақтан тұтуға мiндеттi екенiн айтты. Мемлекеттiк рәмiздердi орналастыруда орын алған келеңсiздiктердi қатаң сынға алып, дәйектi дәлелдерiн алға тартты. Рә-мiздерiмiздiң аяқасты болып, олқы орналасуына жол берген мекемелердi әшкерелеу қажеттiгiн де сөз еттi. Комиссия мүшелерi мен аудандар өкiлдерiне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың қадағалануын мiндеттедi.
Отырыс соңында Аида Балаева комиссияның жаңа мүшелерiн таныстырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + one =