Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Цифрлық технология жемқорлықты жояды

0 187

Қала әкімдігінде «Астана – адалдық алаңы» жобасының екі айлық есебі тыңдалды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекпаев пен қала әкімі Әсет Исекешев қатысқан кеңес отырысында атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі таныстырылды.

Қағазбастылықтан құтқарды

Аталмыш жобаның тиімділігін, ең алдымен, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шек­теулі жандар байқады. Өйткені осы уа­қытқа дейін 100 мыңға жуық адам қағаз­бастылықтың әуресін көріп келді. Енді «Е-әлеуметтік қамсыздандыру» желісі бойынша зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бұрынғыдай қажетті құжаттарды жинау үшін әр мекеменің есігін сығаламайды. Олар жеке басын куәландыратын құжат арқылы қажетті құжаттарға қол жеткізетін болды. Өйткені орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық базасына біріктірілді. Осылайша, жоба аясында әлеуметтік саладағы тоғыз қызметтің екеуі электронды форматқа ауыстырылып, елордалық 80 мыңнан астам зейнеткер мен 22 мың мүгедектің уақыты үнемделетін болды.
«Биыл қала құрылысы, сәулет және жер қатынастары саласындағы процестерді барынша оңтайландыруға күш саламыз. Себебі бизнес үшін барлығы ашық әрі тиімді болуы шарт. Мойындау керек, мұның бәрін іске асыру оңай емес, десек те мамыр айында осы іске кірісеміз. Бір айдың ішінде аталған мекемелердің жұмысын жетілдіріп, сол жерде сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға қатысты нақты ұсыныстар әзірленеді» деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. Ал жоба жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, аталмыш салалардағы нормативтік құқықтық актілердің олқы тұстары, электронды кезек пен бейнебақылаудың болмауы және тағы басқа мәселелер жедел шешуді қажет етеді.

Бәріне басшылар жауапты

Иә, қазіргі таңда барлық жауапкершілік бірінші басшылардың мойнына жүктелді. Егер мекемеде тәртіптік құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары жасалса, ең алдымен бірінші басшылар тәртіптік жауапқа тартылады. Олар тек қана қызметкерлердің адалдығына ғана емес, мемлекеттік қызметтің сапасына, жұртпен кездесу ұйымдастыруға, қызметкерлерге берілетін сыйақылардың жария­лығына, кәсіби қызметтің ашықтығына да жауап береді. Енгізілген бұл жаңашылдық әрбір мемлекеттік органның ішкі және сыртқы жұмыстарын жақсартуға бағытталған. Сондықтан бұл жиында елорданың аудан әкімдері мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары «Жеке жауапкершілік» құжатына қол қойды. Сондай-ақ, бірінші басшыларға арналған көпфункцио­налды ІD-карталар енгізілді.

Әдістеме әзірленді

Жазира Жылқышиева басқаратын жоба кеңсесі басқарма басшыларына көмек ретінде тәуекелді лауазымдарды анықтау­дың әдістемесін әзірлепті. Аталған әдістемеде қызметі бойынша еңбек өтілі, қызметте алатын жалақысы, қызметкердің жасы мен қызметтегі функционалдық міндеттері есепке алынған. Бұл өлшемдер сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған бірқатар салалық лауазымдарды анықтауға көмектеседі екен. Қазіргі уақытта жоба кеңсесі Тұрғын үй, Автомобиль жолдары және Мемлекеттік сәулет құрылысы басқармасындағы бірқатар қызметтегі лауазымдарды талдады. Нәтижесінде жоғары, орташа және төмен деңгейде жемқорлық компоненттері бар 50-ге жуық лауазым анықталған. ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекпаев өз сөзінде осы саладағы барлық шаралардың негізгі мақсаты – тұрмыстық жемқорлықты жою екенін әрі цифрлық технологиялардың тиімді жүзеге асырылуына ерекше назар аудартты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды