Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Цифрлық технология сауданы реттейді

0 175

Жуырда өткен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаладағы сауда орындары мәселесін реттеп, базарлар келбетін өзгертуді қолға алуды, сондай-ақ, Астананың азық-түлік белдеуіне қатысты да бірқатар нақты тапсырма берген еді. Тиісті жұмыстар бұл күндері қолға алынды.

Астанада қазір 25 базар, 34 сауда-ойын-сауық орталығы, 62 супермаркет, 1 гипермаркет бар. Жалпы, ірілі-ұсақты нысандарды қосқанда, бүгіндері қалада 2 мыңнан аса сауда орны жұмыс істеп тұр. Тұтыну көрсеткішінен Астана Алматыдан кейін екінші орынға шықты. Сауда саласынан қала тұрғындарының 18 пайызы, яғни 80 мыңнан астам адам нәпақа айы­рып отыр.
Қалалық мәслихаттың Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында осындай статистиканы келтірген Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров соған қарамастан, шаһарда әлі де болса сауда нысандары жетіспейтінін, әсіресе, сол жағалауда тапшылық байқалып отыр­ғанын мәлімдеді.
Осы орайда қалада гастрономиялық базарды, Есіл ауданындағы Ш.Айтматов және Е-250 көшелерінде екі гипермаркет салу жоспарға енгізілді. Базар құрылысында Мәскеу тәжірибесі ескеріледі. Бұған қоса, қазір жұмыс істеп тұрған базарларды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Басқарма басшысының айтуынша, жеті базарда, соның ішінде Орталық және «Әсем», «Саян» базарларында тиісті жұмыстар басталды. «Ұлжан», «Шарын», «Алтай», «Көк базар» нысандарында жобалау жұмыс­тары жүріп жатыр. Ал «Эталон», «Сапа», «Көктал», «Сәлем» базарларын жаңғырту үш жылға созылады. Контейнерлердің орнына қазіргі заманға сай сөрелер салынады. Яғни өркениет базарларға да келеді.
«Бүгіндері базарларда сәулет-құрылыс, өртке қарсы және санитарлық нормалардың сақталуын тексеретін, қызмет көрсету сапасын бақылайтын жұмыс тобы құрылды. Жалпы, қала базарларында 12 мыңға жуық сауда орны бар. Барлық базарларды болашақта POS-терминалдармен, бақылау-кассалық аппараттармен қамтамасыз етеміз. Мұндай тәжірибені Мемлекеттік кіріс комитеті «Шапағат» коммуналдық базарындағы 361 орында енгізіп те үлгерді» деді Ә.Әбдіқадыров.
Жақында Активтерді жекешелендіру бағдарламасына сәйкес биыл Астанадағы «Шапағат» коммуналдық базары сатылуы тиіс екенін, оған қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері қарсы болғанын жазғанбыз. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы мұның жайын да түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Үкіметке жекешелендіру мерзімін шегеру туралы хат жіберіліп, жоғарғы орган оны мақұлдады.
Сауда саласындағы жаңашылдықтар мұнымен түгесілмейді. Қазір «Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасы аясында орнатылған барлық сауда павильондарында QR-кодтар енгізілді. Соның арқасында атал­мыш орындардың заң белгілеген шеңберден шықпауын қа­дағалау­ға мүмкіндік туды. Мұны құқық қорғау органдары қызметкерлері жуырда қолдарына тиген планшеттер арқылы бақылай алады. Жалпы, цифрлық технология заңсыз саудамен күресуге де жол ашады.
Былтыр заңсыз орнатылған 240 сауда павильоны бөлшектеліп, орындарынан алынды.
3 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл сомасы 5 млн теңгеден асты.
«Айыппұл көлемін көтеру ұсынысымен шықпақпыз. Қазір ол 5 АЕК-ті құрайды. Бұл сома заңсыздыққа барғандарға сезілмейді де» деді Ә.Әбдіқадыров.
«Көше саудасына арналған 1000 орын» бағдарламасы бо­йынша бүгіндері 630 келісімшарт жасалған. Аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бюджетке 1,1 млрд теңге түсіп, 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Биыл көше сау­дасына кемінде 150 жер телімі бөлінбек. Өткен жылдан бері жер телімдері аукцион арқылы берілуде.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды