Цифрлық құжатпен жол ашық

0 11

«Air Astana» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі қанатқақты жобаны іске қосты.

5 сәуірден бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады. Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені пилоттық жоба кезінде цифр­лық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.
Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × one =