Цифрлық бейнестудия ашылды

0 16

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде цифрлық телевизиялық студия ашылды.

Сандық студия университеттің цифр­ландыру жол картасына сәйкес жүзеге асырылды. Студия ақпараттық бейнепрезентацияларды көрсетуге, онлайн-дәріс­терді жүргізуге және веб-конференциялар өткізуге арналған. Цифрлық студия шу мен жарықтан оқшаулауына ие және сенсорлық тақта, бейнекамера, телесуфлер, мультимедиялық планшет, жарық шамдарымен жабдықталған.
Бейнестудияда оқытушы дәрісін өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Спикерлер 3D графикасы, браузер бо­йынша шолу, карта, мәтін бейнені жазу әдістерін қолдана алады. Сонымен қатар спикер өзі дайындаған презентациясын қосып, сенсорлық тақтаға жазу арқылы YouTube, Google қосымшалары арқылы қосымша ақпаратты бейнеге шығару мүмкіндігі бар.

Диана БАТЫРБЕК,
Л.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық ­университетінің студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + four =