Цифрландыру – уақыт талабы

0 10

Елорда әкімдігінде қала басшысы Алтай Көлгіновтің жетекшілігімен инженерлік желілер мен ғимараттарды цифрландыру, қаланың 3D моделін және инвестициялық картаны құру мәселесі талқыланды.Цифрлық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуге Astana Innovations АҚ кірісті.
– Қазір мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Инженерлік желілерді цифрландыру бірқатар мәселелерді шешеді. Айталық, 3D және BIM технология­лары арқылы инженерлік желілерге түсетін жүктемені көресіз. Сандық жобаларды жүзеге асыру шаһардың сандық бас жоспарындағы қала құрылысы үрдісін көруге, болжауға және модельдеуге мүмкіндік береді. Аудандардағы мектеп, аурухана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін байқауға болады, – деді елорда әкімі.
Сонымен қатар жер телімдері цифрландырылады. Бұл бос жер учаскелері, оны тиімді пайдалану және пайдаланылмаған жер учаскелері бойынша база құруға мүмкіндік туғызады. Қаланы цифрландыру нәтижесінде пайда болатын инвестициялық карта арқылы кәсіпкерлер аудандардағы дәріхана, дүкен, нотариус сынды нысандармен қамтамасыз ету қажеттілігін көреді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды