«Травиатаны» тамашалады

0 124

Кеше Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мем­лекеттік опера жә­не балет театрында өткен «Травиата» операсын тамашалады.

Операның басты орындаушылары – театрдың жетекші солистері – халық­аралық конкурстардың лауреаты Мария Мудряк пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Бекмұхамбетов.
Бұл қос өнерпаздың дебюттік қойылымы болды.  Мұндай тарихи сәт Нұрлан мен Марияны толқытпай қоймағаны анық.
Мария Мудряк жас та болса, жұртшылыққа танылып қалған әнші. Ол Верди атындағы Милан мем­ле­кеттік университетін үздік бітіргендіктен оған ита­лия­лық ұлы компо­зи­тордың бұл ­туындысы жақсы таныс.
Мария «Травиата» операсын Павлодардың Мәдениет сарайында алғаш рет тыңдаған екен. «Ол кезде басты рөлді әйгілі талант иесі Нұржамал Үсен­баева орындаған еді. Атақты әншінің операны жүрекке жеткізе орындағаны соншалық, алған әсерімді сөзбен  айтып  жеткізе алмаймын. Содан бері маған «Травиата» арманға айналды» дейді әнші.
«Ұстаздарым менің Вио­летта партиясын орын­да­ғанымды тыңдап, ақыл-кеңестерін айтты. Осы рөлді неғұрлым жоғары деңгейде орындауға барымды салдым» дейді Мария.
«Травиатада» Вио­леттаның сүйіктісі – Альфред Жермонды белгілі тенор Нұрлан  Бекмұхам­бетов орындайды.
«Астана Опера» театрының сахнасында мен алғаш рет туған тілімде партия орындадым. Осы кезде мен өзімді сондай бақытты сезіндім. Толқығанымды да жасыра алмаймын. Бұл мен үшін үлкен мерей болды» дейді әнші.
Нұрланның Қазақстаннан кеткеніне біраз болған.
Ол Саратов консерваториясында оқыған, Мәскеуде аспирантура бітірген. Ол туған елінде ән айтуды көптен бері армандап жүрген екен. «Травиатаның» қоюшы-режиссері –  Хеннинг Брокхауз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + 4 =