ТРАНСПЛАНТАЦИЯ БІЗГЕ ЕНДІ ТАҢСЫҚ ЕМЕС

0 145

DSC_0165

Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханада нефрология және гепатология саласындағы өзекті мәселелер туралы үш күндік шеберлік сабақтары аяқталды.

 

«Бауыр мен бүйректің шеткі саты­сындағы аурулар және туыстық трансплантация» тақырыбында гастро­энтерологтарға, гепатологтар мен нефрологтарға, хирург­тар мен транс­план­тологтарға арналған шара аясында Н.Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтының мамандары бауыр мен бүйректі трансплантациялау бойынша операциялар жасады.

Мамандардың мәлімдеуінше, елімізде жеті мыңға жуық адам осы немесе басқа ағзаларды алмастыруды қажетсінеді екен. Үстіміздегі жылдың басынан бастап елімізде тірі донордан бүйректі алмастыру бойынша елу бес операция жасалған. Бүгінгі таңда Қазақстанда ағзаларды трансплантациялаумен сегіз клиника айналысады.

№1 қалалық аурухана – Қазақстандағы трансплантологияны дамытатын қала­лық деңгейдегі алғашқы аурухана болып табылады. Бұл – туыстық трансплантация бойынша аурухананың екінші тәжірибесі. Аталмыш аурухананың бас дәрігері А.Цой алғаш рет бауырды трансплантациялау бойынша операция 2012 жылғы ақпан айында жасалғанын айта отырып, қазір пациент пен реципиент өздерін өте жақсы сезінетінін әрі қалыпты өмір сүріп жатқандарын жеткізді.

Бұл жолы туыстық трансплантация бойынша төрт операция: біреуі бауырды, ал, үшеуі бүйректі трансплантациялау бо­йынша жасалыпты. Олардың бірін аурухана ұжымының өз қызметкерлері жасапты.

Әмина Адай

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + 17 =