©2020 Астана Ақшамы
«ТОСКА» ОПЕРАСЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛЕДІ
Алдағы мамыр айында «Астана Опера» сахнасында Дж. Пуччинидің «Тоска» операсының тұсауы кесілмек.
Қойылымның дирижері – Даниель Орен, режиссері – Лука Ронкони. Әлем сахналарында жиі орындалатын үздік қойылым бір ғасыр бұрын дүниеге келген. Қойылымның негізгі желісі – Наполеон басқарған француз әскерінің 1800 жылы Италияға басып кірген кезеңін суреттейді.