Төртінші алтынын тақты

0 92

Астаналық тоғыз жасар шахматшы – Бибісара Асаубаева­ Әлем біріншілігінде төртінші мәрте алтын алқалады.

Биылғы чемпионат грек шыға­на­ғын­дағы Халкидиде өтті. «Қатысқан 52 қазақстандықтың арасында тек Бибісара ғана тоғыз мүмкіндіктен 8,5 балл жинап, топ жарды. 2011 жылдан бері жас шахматшы Польшада, Бразилияда және Румынияда өткен әлем чемпионатында үш рет үздік шыққанын да айта кеткен жөн.

Бибісара Асаубаева 2010 жыл­дан­ бері Астана қаласындағы Х.С.Омаров атындағы шахмат клу­бын­да тәлім алып келеді. Жеке жат­тық­ты­ру­шысы Азамат Әубә­кі­ров­ жас қыздың талантына сүйсініп, мақтан ететінін жасырмады: «Бибісараның бұл алғашқы үздік шығуы емес, ол мұндай бас жүлдені бұдан бұрын да үш рет жеңіп алған. Жеңіске деген құштарлығы зор, өте еңбек­сүйгіш. Жалықпай-талмай жаттығуының арқа­сында осындай биік мәртебеге ие болып жүр».

Бибісараның алтынына қоса, сайысқа қатыс­қан­ қазақстандық жас шахматшылар медальдер­ мен марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, өзі­нің әлем чемпионатындағы дебюттік өнер көр­се­туін­де Әмина Қайырбекова жеті жасқа дейінгі санатта күміс медаль алса, 15 жасар Жанат Сайын қолаға қол жеткізді».

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =