Төртеуi түгел болғай

0 173

Астанада байрақты бәсеке басталды. «Дәулет» спорт комбинатында керiлген шаршы алаңда Азияның мықты боксшылары Лондон олимпиадасына берiлетiн 25 жолдама үшiн айқасқа түсiп жатыр. Бұл жарыста қазақ жанкүйерi төрт боксшыға үмiт артады.

Солардың бiрi – астаналық Данияр Елеусiнов (64 келi) кеше өткiзген алғашқы жекпе-жегiнде Иордания боксшысы Ибраһим Салехты айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға өттi. Бүгiн 52 келi салмақтағы елордалық Ілияс Сүлейменов жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы қырғыздың үкiлеген үмiтi – Азат Үшенәлиев. Ертең Бiржан Жақып (49 келi) пен Василий Левит (91 келi) бәсеке жолын бастайды.
Егер, осы боксшыларымыздың бәрi ойдағыдай өнер көрсетсе, Қазақстан боксшылары тұңғыш рет Олимпиада ойындарында толық құрамда ойқастайтын болады.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 14 =