ТӨРТЕУДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

0 18

Sal-Seri галереясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Замандастар жолдауы» атты көрме ашылды. Көрмені Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағына қарасты жастар бірлестігі ұйымдастырды.

Елорданың жас суретшілері Людмила Айтуарова, Айдана Мінайдарова, Жанна Сүлейменова және Нұрай Медеуова аталмыш көрмеге отыздан астам картинасы мен инсталляциясын ұсынды. Бұл авторлар бұдан бұрын қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі көрмелерге қатысып, шығармашылық байқауларда топ жарды. Олардың туындыларынан қазіргі заман жастарының тынысы, мақсаттары мен армандары айқын аңғарылады. Картиналар әртүрлі техникалар мен жанрларда жазылып, кейбірі мифология мен тарихқа жетелейді.

Көрмені өткізуге қолдау көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаилов пен Sal-Seri галереясының директоры Арыстан Смағұлов осындай вернисаждар жас суретшілерге шығармашылық тұрғыдан өсуіне мүмкіндік тудырып, жұртшылық пен авторларды ойландырады деп есептейді.

Төрт суретші қыздың да бейнелеу өнеріндегі қолтаңбасы қалыптас­қан. Мәселен, Людмила Айтуарова символизм мен сюрреализм бағыттарына жақын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × four =