©2020 Астана Ақшамы
Төрт жинағын тарту етті
Ұлттық академиялық кітапханаға белгілі қаламгер Баянғали Әлімжанов жаңа жарық көрген төрт жинағын тарту етті.
Сөз зергерінің бұл кітаптары ақындық шабытпен жазылған. Айталық, «Әлем әуендері» атты еңбегіне жер бетінде ғұмыр кешіп жатқан халықтарға арналған жырлары жинақталған. Мұндағы мүсіндей құйылған мінсіз өлеңдер оқырманды бірден үйіріп әкетеді. «Қырғызым, бірге туғаным…» аталған келесі жинағына қаны мен жаны бір көрші айырқалпақты ағайынға арнаған өлең-жырлары, қырғыз ақындарымен айтыстары, «Манас» жырына қатысты ойлы сұхбаттары енген.
Суреткердің «Мейірімді Асқар» деген үш тілде шыққан үшінші кітабы – жеткіншектерге әдейілеп жазған қызықты ертегіден тұрады. Мұны қазақ балалар әдебиетіне қосылған тамаша туынды деп бағалауға болады.
Ал жазушының сиясы әлі кеуіп үлгірмеген «Сказ столетнего степняка» атты роман-аңызында өткен ғасырдағы халқымыз бастан кешкен зобалаң шындығы көркем тілмен астарлы өрілген.
Сондай-ақ, жиын барысында ақын, публицист Қорғанбек Аманжол мұраттас қаламдасына арнаған өлеңін оқып, ізгі лебізін білдірді. Кітапхана басшысы міндетін атқарушысы Нұржан Жолдыбалинов та авторға алғысын айтты.