ТӨРТ ҮМІТКЕР ТАҢДАЛДЫ

0 91

banner

– Астанада 25 сәуір күні өтетін «Astana Piano Passion» халықаралық жас пианистер конкурсына Қазақстан атынан төрт талантты өнерпаз қатысады. Жалпы, осындай ірі жарыста отыз бала өнерлерін көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте байқауды ұйымдастырушылардың бірі – «Accordidi Astana» қорының директоры Людмила Дорошенко мәлім етті. 

Конкурсты Астана қаласы әкімдігінің қаржылай қолдауымен «Accordidi Astana» қоры ұйым­дастырып отыр. Жобаның көркемдік жетекшісі – атақты пианист Денис Мацуев. Биылғы конкурстың қазылар алқасы құрамында Израиль, Ресей, Ұлыбритания, Франциядан келетін мамандар болады.

Жалпы, ұйымдастыру комитетіне алыс-жақын 45 елден 400-ге жуық өтініш келіп түскен. Биыл байқауға алғаш рет Монғолия, Македония, Норвегия және Финляндия елдерінің музыканттары қатыспақ.

«Конкурсқа қатысқысы келетін балаларға біз ешқандай шектеу қой­маймыз. Яғни, олар өтініш берген соң іріктеліп, негізгі қатысушылар анықталады. Биылғы конкурсқа Қазақстан атынан төрт бала қаты­сады» деп түсіндірді Денис Мацуев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 9 =