ТӨРТ МЫҢ АДАМ ЖҮГІРДІ

0 67

«Жерұйық» саябағында «Мен, сен, ол, бәріміз – салауатты елміз» ұранымен денсаулық фестивалі өтті. Оған 4 мыңнан астам елордалық қатысты. Бұқаралық шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Биылғы фестиваль жап­пай жүгіруден басталды. Оған қатысқан 4 мыңнан астам адам Жұмабаев көшесімен екі шақырымдай жүгіріп, «Жерұйық» саябағында жиналды. Бұл жерде олар волейбол, арқан тарту және эстафета сайыстарына қатысып, салауаттылықтың үлгісін көрсетті. Ал «Денсаулық қалашығында» дәрігерлерден тегін кеңес алып, денсаулықты тексеріп шығуға болады. Акция аясында көпшілік қазақ эстрадасы жұлдыздарының гала-концертін тамашалады. Жарыс жеңімпаздарын мара­паттау рәсімі де салтанатымен ерекшеленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =