ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

0 129

КМДБ1

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы кеңсесінде республика имамдарының есеп беру төралқа мәжілісі басталды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жетек­шілігімен өткен алқа мәжі­лісінде облыстардың бас имамдары Діни басқарма басшыларына үгіт-насихат, оқу-ағарту, діни курстар, БАҚ-пен жұмыс, сайт жұмыстары, мешіт істері, қайырымдылық шаралар, жат ағымдармен жұмыс, т.б. бағыттар бойынша есеп беруде.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қыз­мет­кер­леріне жат ағымда жүрген жастарды дәстүрлі дінге шақырудың әдіс-амалдары жайлы сөз қозғады. Биыл ҚМДБ жанынан құрылған ақпарат-насихат тобы 1 млн 168 мыңнан аса халыққа көптің көкейінде жүрген сұрақтар бойынша жан-жақты мағлұмат берді. Осынау игі істің көрінеу нәтижесі деуге де болады: жат ағымда жүрген 450 қандасымыз дәстүрлі Әбу Ханифа мәз­һабын ресми мойындап, райынан қайтты.

Республика бойынша мешіттер жанындағы сауат ашу курстарында 22 592 адам діни білім алса, өзекті діни мәселелер, соның ішінде «тәкфіршілер», «хижрат», «жиһад» ұғымдары және қазіргі замандағы кейбір екіұдай мәселелерге қатысты Діни басқарма жанынан
23 пәтуа шығарылды.

Қасиетті Рамазан айында 17 280 тұрмысы төмен отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Еліміз бойынша осы айда 550 447 адамға ауыз­ашар беріліп, 480 рухани шаралар өткізілді.

Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның құрылымында 3 967 діни маманқызмет атқарады.

Жайық НАҒЫМАШ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 2 =