Тоқай – түркіге ортақ тұлға

0 19

Кеше Халықаралық Түркі академиясы татар халқының классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың 135 жылдық мерей­тойына арналған «Ғабдолла Тоқай және Түркі әлемі» атты халықаралық конференция өткізді.Онлайн форматта өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академия­сының президенті ­Дархан ­Қыдырәлі, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, Татарстан Республикасы Ғылымдар академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ғ.Ибраимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының мәтінтану бөлімінің меңгерушісі Марсель Ибрагимов, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі Денис Валеев, Нұр-Сұлтан қаласының «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Яннат Низамутдинова, РҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының қолжазбалар бөлімінің жетекшісі Ахат Салихов, Эгей университетінің профессоры Мұстафа Өнер, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ түркология кафедрасының профессоры Амантай Шәріп, сонымен қатар түркі елдерінің танымал ­ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференция барысында ғалымдар татар классигінің еңбек жолы мен рухани мұрасына тоқталып, сондай-ақ шығармашылығындағы жалпы адамзаттық құндылықтар жайлы баяндамалар жасады.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 2 =