Топ жарды тәуір жобалар

0 88

Астана қаласының әкімдігі мен «Astana Innovations» АҚ-ның бірлесе ұйымдастыруымен «Сарыарқа» республикалық велотрек ғимаратында «Астаналық хакатон» атты IT-жобаларының жарысы өтті.

Бұл шара 2012 жылы мамыр айында тұңғыш рет өткізіліп, оған 100-ден аса адам қатысқан болатын. Биыл да осынша үміткер бақ сынады.
Сайыскерлердің жас шамасына ешқандай шектеу қойылмаған. Оларға қойылған талап – тәулік ішінде ақпараттық технологиялар саласында белгілі бір жобаны ұсы­нып, іске асыру. Шарт бойынша бағ­дарламашылар, дизайнерлер мен жо­балаушылар, IT-маркетологтар өздерінің IT-жобаларын жасайды.
Жарыстың сыйақы қоры былтыр­ғыдай – 1 миллион теңге. Жіктеп айтқанда, «Астана Innovations» АҚ тағайындаған ол жүлде қорының 500 мың теңгесін «Инновациялық идеяларды дамытуға жәрдем» командасы, 300 мың теңгесін «Нано АТС», ал, 200 мың теңгесін «Кодтың 50 жолы» тобы жеңіп алды. Медиалық қолдау аталымында «Yvision» блог-платформасынан «КазТакси» мен «Өзгеріс.kz» командасы топ жарса, «Нано АТС» командасы ынталандыру сыйлығы ретінде өзінің IT-өніміне «Консалт-Инфо НС» компаниясынан тапсырыс алды. Ал, «Nexus» планшеті Всеволод Леонов пен «Embarcadero» мен «Cheap Taxi» командаларына берілді.
Сондай-ақ, «C.A.P.» талдау және болжау орталығы» қоғамдық қорының арнайы демеушілігімен «IT-бастамаларды қолдаймыз» тақырыбы аясында мемлекеттік тілді дамытуды көздейтін қазақ­тілді үш жобаға қосымша 300 мың теңге сыйақы берілді. Оның 150 мыңы «Кодтың 50 жолы» жобасына бұйырса, екінші орын алған «Пер­небәйге» мен «КазТакси», үшінші орын алған «AstanaAR» әрқайсысы 50 мың теңгеден иеленді. Мұндағы мақсат – ақпараттық технологиялар саласында қазақтілді жастардың белсенділігін арттыру. Осыған орай, www.startupkoldau.kz веб-порталы да ашылған болатын. Ол жерден жас кәсіпкерлердің идеясын тиянақтап, жарыққа шығару үшін тиісті кеңестер мен тегін хостинг алуына болады.
«Жалпы, біз «Smart Astana» бас­­тамасы аясындағы үздік жоба­ларға қолдау жасауды көздейміз. Жеңім­паздарды біздің мекеме өзі­нің бизнес инкубаторына қосып, шетелдік венчурлық қорлармен жұмыс жасап, қаржылай және маркетинг жағынан көмек көрсетеді» дейді «Astana Innovations» АҚ сервистік-технологиялық қолдау департаментінің жетекшісі Батырбек Дәуітбаев.
Сөйтіп, заманауи игіліктердің «жілігін шағып, майын ішкен» инноваторлар, бағдарламашылар және ІТ саласында еңбек ететін жастардың озық ойлы идея­лары мен жүйелі жобалары елор­да­мыздың өмір сүру сапасын арт­тыруға арналған жаңашыл­дық­тарын ортаға салды. Талапкерлерге Қазақстанның ең тәжірибелі мамандары мен менторлары кө­мектесті.
«Енді ең ұтқыр инновациялық технологиялар мен шешімдерді «Smart Astana» – «ақылды қала» жобасы аясында астаналықтардың тұрмысына енгізетін боламыз» дейді ұйымдастырушылар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 7 =