Толғамды ойлар тоғысты

0 138

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына айтылған толғамды дүниелерге байланысты жиын өткізді.


Келелі кеңесте ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аталған мақаладағы өз саласына қатысты жұмыстарды іске асыру мен нақты жобаларды құру туралы баяндады.
«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – тікелей біздің министрлікке қатысты болып отыр. Сондықтан біз осы дүниеде қамтылған ауқымды міндеттерді дер кезінде саралап, бірлесіп отырып, іргелі жұмыс істеуіміз қажет» деген министр жиынға келген барлық архив, музей, кино, кітапхана, театр және тағы басқа өнер мекемелерінің басшыларына бір апта ішінде атқарылар іс-шаралардың жобасын тапсыруды міндеттеді. Ол өз сөзінде тарихи, көркем, деректі және анимациялық отандық фильмдерді түсіруге салмақ салып өтті.
«Еліміздегі қасиетті жерлерді, олардан табылған құнды жәдігерлерді және солардың шығу тарихын деректі фильм немесе балаларға мультфильм арқылы жеткізсек ұтымды болады деп ойлаймын. Ұлы даланың көне әуендерін нотаға түсіріп, ұлы тұлғалар туралы энциклопедия шығаруды да тезірек жүзеге асырған жөн. «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасына да тереңірек мән беріп, мұрағат қызметкерлері кітапханалармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу қажет» деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Министрден кейін сөз кезегін алған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов Елбасы мақаласы туралы парасатты ой өрбітті.
Жиын барысында тағы да басқа азаматтар сөз алып, Президенттің мақаласы туралы ойларын ортаға салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =