©2020 Астана Ақшамы
Төлемдерге айыппұл салынбайды
Елдегі төтенше жағдайға байланысты екінші деңгейлі банктер 10 қаңтардан бастап жұмыс істеді.
Kaspi.kz, Halyk, Forte, Центр кредит, Алтын банк пен Home, Альфа банк берген мәлімет бойынша кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. Яғни қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді.
«ЦентрКредит банкі» қайтыс болған тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлердің отбасыларына 1 миллион теңге көлемінде, «Халық банкі» 5 миллион теңгеден көмек көрсетеді. Сонымен қатар олардың бұрыннан бар несиелерін толықтай кешіреді.