ТӨЛ ТІЛІМІЗ төрлетеді

0 87

Қазақстан Республи­ка­сын­­­­да­­ғы­­ «Тіл­­ ту­­ра­лы»­ заң­да­ мем­­­ле­кет­тік­ тіл­ – қа­зақ­ ті­лі­ екен­­ді­гі тайға таңба бас­қандай айқын көрсетілген. Ал мем­ле­кет­тік тіл – елдің бү­кіл ау­мағындағы қоғамдық қаты­нас­­­­­тардың барлық саласында қол­­­­­да­­нылатын мемлекеттік бас­қа­­ру, заң шығару, сот ісін жүр­гі­зу жә­не іс-қағаздарын жүр­гізу тілі. Сөз жүзінде – де-юре, құжат жү­зін­де қазақ тілінің мәртебесі зор болғанымен, іс жүзінде – де-факто, практикалық тұрғыда қолданыс табатын тіл заңнамамызда «ресми» деген статусқа ие болған орыс тілі екен­дігіне дау жоқ. Оған себеп көп: бодандықпен өткерген та­рихи кезеңде тіліміздің де тұ­сал­ғандығы зардабынан орыс ті­лінде іс жүргізу рефлексті дең­гейде қалыптасуы; ұзақ уа­қыт аралығында мемлекеттік құ­жат­тар орыс тілінде жүргізілуі ке­сі­рі­нен қазақ тілінің терминдер­мен баю үдерісі тоқтағандығы және осының негізінде ресмилік сипаты мен іс-қағаздарға бейімділік қасиетінің толыққанды қалып­тас­пағандығы; қазақ тілінде құ­жат­тарды жүргізетін маман­дардың тапшылығы және аударма­шы­лар­дың сауатсыздығы; қазақ ті­лі­нің сұраныста болмауы және қо­ғам­ның басқарушы табы өкілдерінің көбі қазақ тілін білмеуі, қазақ тілін үйренуден саналы түрде бас тартуы, т.т.

Бүгінгі қоғамда «қазақ тілі құжат тілі бола алмайды» деген пікір оқтын-оқтын қылаң береді. Осы күдік біздің алдымыздағы келесі міндетті айқындап отыр. Ол – қазақ тілін терминдермен байыту мен іс жүргізу тіліне бейімдеу. Бұл – XXI ғасырдағы жүргізілуі тиіс ҰЛЫ САЯСАТ. Енді қуанышты тұсын айтайын, осы ойымыз «Қазақстан – 2050» стратегиялық құжатынан ойып тұрып орын алған. «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеуіміз керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет… Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады…».

Елбасымыз мұқалмас мақсатта атқарылатын жұмыстарды қадап айтқан. Үкіметке тапсырма беріп, атқарылуы тиіс істерді анықтап берген. Осы күнге дейін үстірт қарап келген «біз – көпұлтты мемлекетпіз» деген ұранның қалтарысында қалып қойып жүрген өзекті мәселе ақыры күн тәртібіне қойылған. «Тіл туралы жауапкершілігі мол саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс» екендігі де, «2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайы­зы қазақ тілін білуге тиістігі» де,­ «Қазақстанның болашағы – қа­зақ­ тілінде» болатындығы да мақ­сат­ мағынасында мақтанышпен жет­кі­зілген.
Жолдаудағы ұрымтал тұстың бірі – 2025 жылға қарай әліпбиіміздің латын қарпіне ауысатындығы. Ол да – біздің тіліміздің жаңғыруы үшін жасалып жатқан жасампаз шара. Бұл әдісіміз бізді әлеммен ұйыстыра түседі және жас буынның интернет пен ағылшын тілін жетік меңгеруіне жағдай туғызады.

Жолдау жолынан таймаса, қазақ тілі түлеу, жаңғыру дәуірінің табал­дырығын аттағалы тұр деген пікірді батыл білдіре аламыз. Бүгіннің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Бұл – тұтас бір буын. Осы буын өкілдері қазақ тілін жетік біліп, қоғамға араласқан кезде тіліміздің ахуалы сын көтерерлік халге жетер. Әзірше… Атқарар жұ­мыс­ көп.

«Сөзі жоғалған елдің өзі де­ жо­ға­лады» депті Ахмет Бай­тұр­сынов. Жоғалуға шақ қалған қазақ тілінің басынан қайғы бұлты сейілді. Оны сейілткен – тәуелсіздігіміз. Енді жаңа саясат жаңғыртпақ. Қазақ тілі күнделікті өмірдегі басты қол­да­ныстағы тілге айналмақ.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 6 =