Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Төл тарихымызды танып білейік

0 442

Мақтан тұтатын тұлғаларымыз, Қазақ хан­дығының негізін қалаушы Жәнібек пен Керей хандардың арғы тегі Шыңғыс қаған еке­ні тарихи кітаптар мен энциклопедияларда жазылып келеді. Осы тұрғыда іште бір түйткіл, айтылмаған көңілсіз бір ой бар. Ресми тарихта, арнаулы оқулықтарда Шыңғыс қағанды моңғол, оның жорықта­­рын Моңғолиядан шығып, қазақ жеріне жасал­­ған шапқыншылық деп бағаланады. Ал қазақтар баяғыдан Шыңғыс пен оның ұрпақтарын жау санамаған. Бала кезімізде олар туралы үл­кендерден әңгіме, хикаяларды, Шыңғыс хан айтыпты деген оның даналық сөздерін көп естідік.

Шыңғыс қаған туралы көп кітаптар мен мақалалар жазылды, әлі де жарық көруде. Соның ішінде Қазақ еліне «Моңғолдың құпия шежіресі» кең тарады. Бұл кітапты Мағауия Сұлтанияұлы қазақ тіліне аударды. Тілеуберді Әбенайұлы ханьзу тілінде, қытай жазуымен жазылған Шыңғыс хан туралы бұл шығар­маны қазақ тіліне тікелей аударып, түсіндірмелермен бірге «Құпия шежіренің құпиясы» деген кітап шығарды.
Шыңғыс қағанның ата тегі, өмір тарихы, ру-тайпа, жер, тау, өзендердің географиялық атаулары Әбенайұлының аудармасында анық жазылған.
Аудармашы Әбенайұлы да, жазушы Бексұлтан Нұрже­кеұлы да Онон өзені туралы жазып, ол қазіргі Іле өзені деген қорытындыға келген. Бұдан шығатын қорытынды, Шыңғыстың өзі, әкесі, арғы аталары Іле бойының тумалары екенін білеміз.
Ертеректе қазақ тарихшылары Шыңғыс қаған туралы, басқа да көптеген қазақ тарихына байланысты деректерді Ресейден алған. Олар Шыңғысты жамандап, түркі деген атауды тарихтан алып тастауға тырысқан.
Әбенайұлы аудармасында Шыңғыс қаған туралы оның көшіп-қонғаны, ру-тайпа аттары, жасақ жорықтары әр жерге елші жібергені, елшінің сөздері, жердің географиялық атаулары туралы рет-ретімен жазылған. Қағанның немесе Орда адам­дарының, басқалардың да бірімен-бірінің сөйлескен сөздері ұқыптылықпен, нанымды тіркеліп отырған. Ордада болған, Шыңғыс қағанмен бірге жүрген, оқиғаларды көзімен көрген адам ғана осылай жаза алады. Оны кім жазғанын кітаптың өзінде айқын көрініп тұр.
Шыңғыс қаған найман жо­рығын аяқтап, меркіт руын олжалаған соң өз Ордасына қайтады. Келген соң тоқсан бес ноянды тағайындайды.
Сызған-Құтқаға: «Сен алтыншы інімсің. Тоғыз күнәң кешіріліп, жазадан қалыс қаласың. Бұдан былай жаңа Жосық (Иосық-заң) орнатамыз. Кесек істерді «Көк Дәптерге» түсіріп тұрасың» деп әмір береді.
Бұдан ертеректе Шыңғыс татар қорығына серігімен шабуыл жасағанда кішкентай ұл бала тауып алып, Керім анаға береді. Ол алтыншы балам болсын деп атын Сызған-Құтқа қояды. Сол Сызған-Құтқа Ордада өсіп, ер жетеді. Шыңғыстың жанында жүріп жорықтарға да қатысады.
Тарихи деректерде Шыңғыс Ордасында жазу-оқуды білетін ұйғыр Тататанға деген болған. Ол Ордада көне ұйғыр жа­зуын үйреткен деген дерек бар. Шыңғыс қаған да, оның балалары мен немерелері де оқи да, жаза да білген. Сызған-Құтқа да осылармен бірге өсіп, жазу-сызуды үйренген деуге болады. Сондықтан да оған «Көк Дәптерді» жаз деген.
Рашид ад-Дин: «Сенімді тарихнама заманына қарай моғолша хатталып отырған. Ол сол күйінде жеке-жеке дәптер болып «Алтын қазынада» мүлде құпия сақталған» дейді. Сол дәптерді «Алтын Дәптер» деп өз еңбегінде пайдаланған.
Рашид ад-Дин (Файзолла) Иранда Шыңғыс ұрпағы Қазан ханның бұйрығымен атақты шығармасын парсы тілінде жазған. Дәптер моғолша жазылды дегені – түрік тілінде жазылды деген сөз.
Мынандай бір тарихи оқиғаны айта кетуге болады. Жошы ханның немересі Берке Алтын Орданы билеп тұрғанда, Египет елімен дипломатиялық қарым-қатынаста болған. Египет билеушісі, қыпшақ Бейба­рыс­тан Алтын Ордаға хат келеді. Сол хатты оқытып отырып, Берке мен оның жанындағы адамдар жазылған хаттың мазмұнын аудармасыз түсінгендеріне мақтанып, қуанған. Міне, ол кезде түркі тілі барша түркіге ортақ, түсінікті болғаны белгілі болып тұр.
Сөзімізді қорыта келе, жас­тардың тарихты танытатын шын тарих жазылса екен. Ол үшін тездетіп Иранда жатқан «Көк Дәптердің» де, Рашид ад-Диннің де шығармасын түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аударса, талай тарихи шындық ашылар еді.

Тұрарбек ҚАЛИМЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды