Төл өнерді түлеткен

0 155

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары домбырашылар ансамблі болып құрылған Астана қаласындағы Гуманитарлық колледждің көркемөнерпаздар оркестрі бүгінгі таңда елімізге танылған өнер ұжымына айналып отыр.

0003

Бұл ұжымға ұзақ жылдар бойы кәсіби музыкант, дәстүрлі күйші, композитор Жақсылық Мұқанұлы жетекшілік етіп, талай асыл ән-күйлерімізді оркестр репертуарына қосты. Сол кезеңде шығармашылық ұжым республикалық байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Одан кейін оркестрге Астанаға жолдамамен келген жас маман Махаббат Рысбекқызының да сіңірген еңбегі зор. Кәсіби өнерпаздың кезінде ансамблдің аспаптық құрамына қобыз қосылып, да­уысы түрленді. Өнерпаздардың шеберлігі де шыңдалып, кәсіби қабілеті артты.
Бүгінде көпшілікке танылған шығармашылық ұжымға белгілі музыкант Сапарғали Ахметжанұлы жетекшілік етеді. Оның ұтымды ұйымдастырушылығының арқа­сында оркестр ұжымы екі есе өсіп, құрамындағы өнерпаздардың таланты даралана түсті. Арнайы музыкалық бағдарлама жасалды. Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», Дина Нұр­пейісова­ның «Әсемқоңыр» және Нұрғиса Тілендиевтің «Мұрагер» күй поэмасы оркестр репертуарына қосылды. Ансамблдегі ұлттық музыкалық аспаптардың құрамы көбейді.
Ұлағатты ұстаздың дарынды шәкірттері де жетерлік.Әсіресе, олардың арасында Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Анар Мұздаханова , ҚР Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Хамзина, дәстүрлі күйші Сәлім Ізтілеуов, әнші Ботагөз Дүбірбаева секілді өнерпаздардың есімдерін мақтанышпен айтуға болады. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен шығармашылық табыстары үшін С.Ахметжанұлы Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Түйіндеп айтқанда, ұлттық мұрамызды насихаттап, басқаларға ғажайып өнерімізді танытып жүрген оркестр Астанадағы гуманитарлық колледждің ғана емес, тұтас еліміздің мақтанышы деп айтуға болады.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =