ТӨЛ МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАҢҒЫСЫ

0 98

Жастар үні

Астана қаласындағы Студенттік саябақта елорда күніне арналған «Жастар үні» акциясы өтті.

Әуелі ашық алаңда ұйымдас­тырылған асық ату сайысына жасы да, жасамысы да қатысып, бір мәз-мейрам болып қалды. Содан соң коман­да­лар іші­нен ірік­телген жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттерінен құралған топтар арасында қызықты әзіл, өнер сайыстары өтті. Белгілі эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов және «Формат» тобы, Дос, Күлайым Қайырбаева, Сон Паскаль, «Арт- домбыра» аспаптық триосы, «Viva» шоу-балеті өнер көрсетті. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов өз сөзінде бұл шараның жас­тар арасында салмағы зор екенін, ұлттық тағылымнан сусындататынын, бір жағы қазақтың төл мәдениетін қайта жаңғыртуға септесетінін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − eleven =