Той қызығы толастамайды

0 96

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, алда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні келе жатыр. Осы орайда биылғы мереке несімен ерекшеленер екен деген сұрақты Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қанат ТӨКЕСБАЙҒА қойған едік.

– Елорда мен ел халқының көңілінен шығатын мерекелік мәзір ұсыну – біздің басты міндетіміз. Жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаралар биыл да жалғасын табады. Оған қоса, қала аудандарында бұқаралық сауықтар, түрлі мәдени шаралар өтеді.
– Толығырақ тоқталып өтсеңіз…
– Негізгі іс-шара 1 мамыр күні сағат 11.00-де «Қазақ елі» монументінің алаңында болады. Ол жерде театрландырылған қойылымдар және мыңнан аса бишілердің қатысуымен болатын мерекелік концерт өтеді. Мереке аясында спорт жарыстарын ұйымдастыру да ұмыт қалған жоқ. Сонымен қатар, этно-мәдени бірлестіктер ұсынатын көрмелер келушілерді қызықтыра түсетіні сөзсіз. Мерекелік сатылымдар мен жазғы дәмханаларды да мере­келік алаңдардан кездестіре аласыз.
– Астана жұрты кімдерді көріп, кімдерге қошемет көрсете алады?
– Негізгі шаралардың дені өзіміздің отандық өнер майтал­мандарының қатысуымен болатынын айта кету керек. Кешті Азамат Сатыбалды, Мәдина Садуақасова, Алан Черкасов, Ксения Сухомазова сынды танымал өнерпаздар жүргізеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына «Rin’Go», «Трио Z», «Алашұлы», «Дервиши», «GaGash», Грузияның «Сухишвили» ұлттық балеті, сонымен қатар, Маржан Арапбаева, Парвиз Назаров, Альбина Оганесян, Евгений Гартунг, Малика Разакова (Татарстан), Володя Ким, Еділ Құсайынов, Әлішер Кәрімов, Севара Назархан (Өзбекстан), Алмаз Кишкенбаев, Адам, Али Окапов сынды эстрада жұлдыздары ән шырқайды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 12 =