ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

0 88

IMG-20150406-WA0013

Павлодар қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақ­стан Республикасының 10, 12, 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатында астаналық оқушылар жүлделі орынға ие болды.

Тоғызқұмалақтың классика және шапшаң түрлері бойынша ұйымдастырылған жарысқа Қа­зақстанның барлық өңірінен 250 спортшы қатысты. Аталмыш чемпио­натта 12 жастағы ұлдар арасында 38 спортшы зерделі ойында бақ сынап, солардың ішінен Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Диас Төлепберген 2-орын алды.

Ал 14 жас бойынша 43 қатысушының арасынан №59 мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Арыстан Манар­бекұлы 3-орынға ие болды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 7 =