Тоғызқұмалақ пен шахмат чемпионаты

0 120

Елордада 14,16,18  жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында шахматтан қала чемпионаты аяқталды. Қалалық турнирге қажырлылықпен дайындалып, ала тақтада қарсыласынан айласын асырған алғыр ойыншылар Астана құрама командасының сапына кірді. Осы құрама алдағы болатын Республикалық чемпионатта елордалықтардың атынан қатыспақ.

Турнир нәтижесінде: 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында бірінші орынды мүмкін болған 7 ұпайдың 6-ына қол жеткізген Ақжан Шопанов жеңіп алды. Қыздар арасынан мүмкін болған 6 ұпайдан 5,5 ұпай жинаған Динара Бейсенбаева озық шықты. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 4 мүмкіндіктен 3,5 ұпай жинаған Аяз Минаханов топжарды. Дәл осындай нәтижемен қыздар арасын­да бірінші орынды Анна Лян ием­денді. 18 жасқа дейінгі қаты­су­шылар ара­сында Нұртас Ару­нов жинауға тиіс 5 ұпайдың 3-імен топ бастаса, тиісінше, Аида Қаденова бойжеткендер арасында ең жоғары 4 ұпайды еншілеп, қала чемпионатының жеңімпазы атанды.

Енді жеңімпаздар мен жүлде­гер­лер Астана қаласында наурыз айы­­ның екінші жартысында өте­тін ұлт­тық бірін­шілікке дайындалатын болады.

Шахматшылардан кейін бір­ден ұлттық тоғызқұмалақ ойынының үздіктері анықталды. Ер­лер мен әйел­дер ара­сын­дағы чемпионат­тың классика санатында ең жоға­ры 9 ұпай жинаған Нұрбек Құр­ма­нов пен Айым Мұсаева топ жар­ды. Ал, блиц санатында ерлер іші­нен елордалық құраманың жетек­шісі Мақсат Шотаев мүмкін бол­ған 9 ұпайдан 8,5 ұпай жинап, же­ңіс­ке жетті. Әйелдер арасында Бақыт­жан Ғадылбек (7-ден 7) ең жоғар­ғы балмен топ бастады.

Осы аты аталған тоғызқұмалақ­шылар ақпан айының 5-14 аралы­ғында Павлодар қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынамақ.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =