«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тоғызқұмалақ – достық дәнекері

0 167

Ұлыстың ұлы күніне орай «Астана ақшамы» және «Айқын» газеттерінің журналистері арасында ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан жолдастық жарыс өтті.

Ұлттық құндылықтарды ұлық­тау, журналистер арасындағы шығармашылық байланысты нығайту мақсатында өткен бұл сайыста «ақшамдықтар» ұпай санымен басым түсті. Журналис­тер бәсекесіне ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы Мақсат Шотаев қатысып, ойыншылардың шеберлігіне жоғары баға берді. Мерекелік жарыстан соң әріптестер «Айқын» газеті редакциясында ұйымдас­тырылған Наурыз тойына қатысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды