Төбеден түскен мұздан сақтан!

0 15

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті көктемгі қауіпсіздік шараларына жауапты тұлғаларға, тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне шатыр үстін қар мен мұздан тазалауға шақырды.

«Құрметті тұрғын үй кешендеріне (ТК) және әкімшілік ғимараттарға (бизнес-орталықтар, СОО) қызмет көрсететін компания­лардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелері! Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты аумақта, учаскеде су тасқынына қарсы уақытылы іс-шаралар өткізулеріңізді сұраймыз.
Тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдеріне кіреберістің шатырлары мен шатыр үстін қар мен сүңгі мұздан тазалауды, сондай-ақ үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жүргіншілер мен тротуар жолдарды тазарту керектігін ескертеміз» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
Төбеден құлаған мұздан келетін қауіптен сақтану үшін бірқатар кеңестерге құлақ түрген абзал:
– Ғимараттардың қабырғаларына мүмкіндігінше жақындамаңыз.
– Шатырдағы сүңгі мұзды көрсеңіз, басқа жаққа қарай өтіңіз (үйді немесе ғимаратты басқарушыға ескертіңіз).
– Сүңгі мұз түсіп тұрған балконның астында тұрмаңыз.
– Қауіпті карниздердің астымен жүрмеңіз.
– Көшеде құлаққаппен жүрмеңіз, өйткені шатырдан құлаған қардың дыбысын ести алмайсыз.
– Егер жоғары жақтан шу естісеңіз, жүрісіңізді тездетіңіз.
– Қардың еріп түсуі мүмкін электр беру желілерінен және басқа да объектілерден алыс жүріңіз.
– Шатырдан салбырап тұрған электр сымының қардан үзілгенін байқасаңыз, оны ешқандай жағдайда ұстамай, қауіпсіз жерге барыңыз.
– Автомобиліңізді шатырларында сүңгі мұз немесе қар тұрып қалған ғимараттарға жақын қоймаңыз.
– Ойынға әуестеніп, айналасына ешқандай назар аудара алмайтын ойын кезінде балаларды қараусыз тастамаңыз.
Қазгидрометтің хабарлауынша, сәуір айының алғашқы онкүндігінде астанада ауа температурасының -12 С-тан +8 С-қа дейін жылуы, температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Жауын-шашын, дымқыл қар, тұман мен найзағай орнауы да мүмкін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + ten =