«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ТМД жағдайын талқылады

0 190

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанның бас қаласы Душанбеде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды нығайтып, дамыту үшін атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды реформалау және Достас­тықтың тұжырымдамалық құжаттарын жаңарту жолында қолға алынып жатқан шаралардың тиімділігін атап өтті.
Қазақстан Президенті мемлекетаралық қатынастарды одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негізін нығайту және елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан ­Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және ТМД-ға мүше барлық елдердің көлік-транзит әлеуетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлес­кен жобаларды іске асыру мә­селесіне назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орталығының жұмысына белсенді атсалысуға шақырды.
ТМД елдері басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер мен құжаттар қабылданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды