ТІЛСІЗ ЖАУДАН­ САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

0 2  907

9eb5a9e6dbf7503a1843020af191e9c6_big

Қанша адамдар ойламаған жерден өрт шыққанда – сасқалақтап, не істерін білмей, айғайлап, үрейге бой алдырып жатады. Бұл әсіресе,көп қабатты тұрғын – үйлердегі өртке қатысты жағдай. Биік ғимараттарда өрт шыққанда адамдардың көпшілігі, көмекті тоспай, жоғары қабаттардан секіріп, өз өміріне тікелей қауіп төндіріп жататыны біздің төтенше жағдай тәжірибесінде жиі кездесетін жәйт. Осындай тосын оқиғалардың қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайды. Қандай жағдай болмасын, ең бастысы, қарапайым халыққа өрттің құрбаны болмас үшін дұрыс әрекет ете білу керек, сонымен қатар, психологиялық жағынан дайын болғаны жөн.

  

Көп қабатты үйлерде болатын өрттің айырмашалықтары неде?

Көп қабатты үйлерге, әдетте, 50 метр және одан жоғары биіктіктегі ғимараттар жатады, ол дегеніңіз – 10 және одан да көп қабатт деген сөз. Мұндай үйлерде өрт шыққанда одан тұрғындардың аман- есен шығуы – өрттің таралу нүтесіне бай­ла­нысты болмақ. Дәлірек айт­сақ, егер өрт төменгі қабатта болса, ол төменнен жоғары қарай жан­ғыш­ зат­тар­дың әсерінен лапылдап, жыл­дам­дықпен жанады. Егер, ғима­ратта желдеткіштер болмаған жағ­дайда мұндай өрттің көк түтіні мину­тына 7-8 метр жылдамдықпен жайылады екен. Төменгі қабатта өрт шыққаннан кейін 5-6 минуттың ішінде көк түтін бүкіл жоғарғы қабат­қа жайылып үлгереді. Бұл ғылыми зерттелген дәлел. Мұндай жағ­дай­да өрт шыққан ғимаратта тыныс алу жолдарын қорғайтын қор­ға­ныс құралдарынсыз дем алу мүмкін емес. Көк түтін әсерінен адам­дар­дың көру қабілеті әп-сәтте жоғалады, тыныс алуы қиындайды және сас­қалақтық, ақыл-естен адасу, үрей салдары өлімге апарып соғуы мүмкін.

Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі қандай болу керек?

Көп қабатты үйлердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап айтсақ: түтін кірмейтін сатылы торлармен, түтіннен тазартатын жабдықтармен, өртке қарсы крандарға қосылған өрт сөндіруге арналған су құбыр­ла­ры­мен, автоматты өрт дабылдарымен және тағы да басқа құралдармен жабдықталады. Осындай үйдің әр тұрғыны ғимараттың негізгі өрт қорғанысы мен өрт кезінде әрекет ету алғышарттарын білуі тиіс. Көп жағдайда, өрт кезінде ауа қысымының тым жоғары болуынан және көк түтіннің әсерінен пәтерден далаға шығу мүмкін болмайды. Осын­дай жағдайда балкондарда орна­тылған темірден жасалған өрт сатыларымен түсуге болады. Адамдарды ғимараттан қауіпсіз шығарудың бір жолы – түтін кір­мей­тін арнайы сатылық торлар арқылы көшіру. Сол арқылы халықты өрт шыққан ғимараттан қауіпсіз жерге шығаруға болады. Пәтерлердің кіреберіс бөлме­ле­рін­де өрт шыққанда хабар беретін нүктелер орнатуға болады, оның қосылғаны туралы дабыл өрт дис­пе­чер­лік бөлімдеріне жетіп отырады. Өрт кезінде лифт арқылы адамдарды тасымалдауға болмайды, оларды бірінші қабатқа түсіріп, содан кейін ажыратады.

Көп қабатты ғимаратта тұра­­тын әрбір тұрғын төмендегі қара­­пай­­ым­ ережелерді есте сақта­ға­ны дұрыс:
• түтін кірмес үшін өз үйіндегі есіктердің тығыз жабылуын қамта­ма­сыз ететін заттардың бар-жоғын және дұрыстығын қарау керек;
• балкондарындағы люктердің бос­ болуын қадағалап, сондай-ақ, қыс­ мер­зі­мінде оны қар мен мұздан таза­лап отыру қажет;
• өрт крандары орналасқан дәліз­дер­дің жолына бөгет қоюға және құлыптауға жол бермеу керек;
• сатылық торлардың, лифт холлдары мен олардың тамбурларындағы есіктерінде өздігінен жабылу жүйесі болғаны дұрыс;
• заттарды дәліздерде, балкондар мен лоджияларда сақтауға болмайды;
• балкондар мен лоджиялардағы секциялар арасын жұқа тақтай­ша­лар­мен бөлуге болмайды;

Өрт шыққанда немесе түтін иісін сезген жағдайда:
• дереу «101» телефоны арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет;
• өрт сөндірушілер келгенше ғимараттан адамдарды шығаруды қолға алу керек;
• саты аумағынан көршілерге өрт шыққаны туралы жылдам айту;
• қолда бар өрт сөндіру құрал­да­ры­мен өртті сөндіруге кіріскен дұрыс.

А. Абдрахманов

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Өртке қарсы қызмет подполковнигі

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight − six =