«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тіліңді ұмытпа, түлек!

0 276

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы №76 мектеп-лицейі түлектеріне арнап «Тіліңді ұмытпа, жас түлек!» кешін өткізді.

Басқарма мектеп ұясынан ұшқалы тұрған түлектерге мемлекеттік тілді ұмытпай, туған тілді ұлықтауға үндеу тастады. Білім ордасына айтыскер-ақын Мейірбек Сұлтанхан, мемлекеттік тілге жанашыр депутат Геннадий Шиповских және бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева сынды белгілі азаматтар шақырылды. Олар түлектерге патриот болу мектептен басталады деген ой тастап, үлкен өмірге қадам бас­қан жастарға сәттілік тіледі.
Басқарманың бас маманы Ержан Еңсебаевтың айтуынша, университетке түсіп, болашақта маман иесі атанатын азаматтарға бағыт-бағдар беру аса маңызды. Ол «Ана тілін ұлықтаған жастар елге адал еңбек етеді» деген пікірде.
Шара аясында жастарға ме­рекелік көңіл күй сыйлау мақсатында өнер иелерінің қатысуымен концерт ұйымдас­тырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды