Тiлендиев күйi төгiлген кеш

0 82

Конгресс-Холл сарайында «Тамаша әнiмен келiп едi көктемде» атты Нұрғиса Тiлендиевтiң шығармашылығына арналған концерт өттi.

Күйшi-композитордың туған күнiне орай ұйымдастырылған шараға Астана қалалық мемлекеттiк филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрi, ҚР Халық әртiстерi, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерлерi Қайрат Байбосынов, Нұрғали Нүсiпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Нұржамал Үсенбаева және басқа да танымал орындаушылар қатысып, Нұрғиса Тiлендиевтiң әндерi мен күйлерiн орындады. Қазақ музыкалық мәдениетiне сазгер, дирижер, орындаушы ретiнде өшпес iз қалдырған дәулескер домбырашы Нұрғиса Атабайұлы жайлы естелiктер айтылды. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуенi» сияқты күйлерi мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елiм» сияқты әндерi халықтық бояу-нақышының қанықтығымен жұртшылықтың сүйiп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.

Нұрғали Нүсiпжанов,
Халық әртiсi:
Ойлап отырсам, Нұрағаңмен танысқалы 53 жылға толып бара жатыр екен. 1959 жылы консерваторияның дайындық курсында оқып жүрген кезiм. Филармонияда оның бiр әнiн жiгiттерден сұрастырып, iздестiре бастаға-нымда, өзi ойда жоқта үстiмнен түсе қалды. Содан кейiн таныстығымыз, араласуымыз жалғасты. Бiздiң музыка әлемiндегi қос қозыдай достастығымыз сол әннен бастау алып едi.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − twelve =