Тілдер фестивалі түйінделді

0 51

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы тілдерінің ХХІІІ қалалық фестивалі түйінделді. Оның аясында 6-28 қыркүйек аралығында «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Астана» радиосында танымдық радиовикторина, «Баспасөздегі қисынсыз аударма мен калька», «Ақпаратты мемлекеттік тілде тарату мәселелері мен SMM негіздері», «Қазақша таргет жасау» сынды тақырыптарда тренингтер өтті.

image-29-09-21-04-04-5
image-29-09-21-04-04-4
image-29-09-21-04-04-3
image-29-09-21-04-04-2
image-29-09-21-04-04-1
image-29-09-21-04-04
previous arrow
next arrow

– Елордада 6 қыркүйектен бері 500-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оны насихаттау. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тілдің әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген іс-шара өткізілді. Мысалы, Тәуелсіздік жылдары елордада 1 мыңға жуық көшеге жаңа атау берілді. Бүгінде қаламыз бұл көрсеткіш бойынша үздіктердің қатарында, – деді Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.
Өз сөзінде ол қаладағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанбек Қожанов секілді көрнекті тұлғалардың есімдерін беру мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.
Тіл фестивалі аясында «Тілім менің – бірлігімнің айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Бас жүлдені Ақгүл Айдарбекқызы (Қарағанды облысы) иеленді. Бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше елордалық Әнел Жақан, Ардақ Сатбаев және Амангүл Ермекқызы алды.
Қазылар алқасының құрамында актер, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ақын Оңайгүл Тұржан, Қазақ радиосының дикторы Мұхамедәлі Болатұлы болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − five =