Тіл – ұлттың төлқұжаты

0 92

Мемлекеттік тілді дамыту аясында елімізде қыруар жұмыстар  атқарылып-ақ жатыр. Бірақ, көңіл марқайтар қимыл-қозғалыс әлі байқалар емес. Бірлі-жарымында ғана әрекет бар. Онда да шала-шарпы, жүрдім-бардым дүние. Кейбір құрғақ сөз, қағаз жүзіндегі, әсіресе, есеп беру баяндамаларын тыңдасаңыз ғой… Шіркін-ай, қайта-қайта өмір сүргің келіп кетеді! Не деген ғажап сөздер?!

Қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан 70-ші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, орамдылығы жағы­нан алғашқы ондықтар қатарына енген тіл. Бірақ, біз осы байлығымыздың байы­­бына жете алмай жүрген сияқ­­ты­­мыз. Неге десеңіз, мысалдар толып жатыр. Әсіресе, қоғам­­дық көлік­тер­дегі кейбір кондук­­тор­­лар­­дың шұбалаңқы тілі, көше бойындағы қызылды-жасыл­ды жарнамалар, асхана, мейрам­ха­налардағы тек орыс тілін­де жазылған «ас мәзірі», мекеме маң­дай­шасындағы «мас» болып, қисайып жатқан әріптер, Сары­арқа­ның сарышұнақ аязына шы­да­май құлап, не болмаса, ұшты-күйлі жоғалған сөздерді көргенде намысың келеді. Тіпті, жаңағы­дай жарымжан халге түскен әріпте­рі­ңіз­дің кейде түрлі мағынаға айналып, ұяттан жерге кіргізетін кезі де болады. Сосын, не күлеріңді, не жыла­рың­ды білмей тұрғаның.

Мені толғандырып жүрген бір жайт: бізде тілдерді дамытумен айна­лы­са­тын арнайы мекеме, қоғам­дық­ ұйым­дар мен бірлестіктер құдай­ға шүкір, жетерлік. Көпке күйе жағу­дан аулақпыз, алайда,­ кейде «осы мекемелер қайда қарап отыр екен?» деген күмәнді ой туа­тыны бар. Олар қоғамдық көлік­пен жүрмей ме, әлде, көшеге шықпай ма? Неге жоғарыдағыдай кем­ші­лікке жол беріп, тілімізді қорла­ған­дар­дың қателіктерін көзде­ріне шұқып тұрып, айыппұл сал­масқа? Неге бақы­лау­ға алып, арнайы рейд жүр­гізіл­мейді? Әлде түскен табыс­тың­ есебін беріп, жылы кең­седе тер­леп­-теп­шіп, шәй ішуден ары аса ал­май­мыз ба? Қан­дай болған жағ­дай­да да бір шара қол­дануы­­мыз керек қой! Иә, өз тілің үшін қандай құрмет көрсетсең де, артық­тық етпейді. «Тілге құрмет – елге құр­мет». Қысқасы, тіл қадірін түсі­не­тін­ кез жетті.

Дана НҰРМАНОВА,
№15 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 12 =