Тіл тазалығы қадағаланады

0 118

«Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты жоба аясында елордалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжат шеңберінде мемлекеттік тіл саясатын кәсіпкерлер арасында насихаттау, заң талаптарын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету секілді іс-шаралар көзделген.
– Қазіргі күнде елордада жүз мыңға жуық шағын және орта бизнес нысандары бар. Өкінішке қарай, осы нысандарда қазақ тілінде жазылған ақпараттық материалдардың нұсқаларында қате көп кездеседі. Шын мәнінде, заң негізінде, қалалық мәслихат­тың шешімі бойынша кәсіпкерлердің ақпараттық материалдарының мәтіні біздің басқарманың келісімімен жазылу керек. Бірақ бұл талап орында­ла бермейді. Содан кәсіпкерлер мәтінді қате жазып, кейін оны түзеп, екі шы­ғынға батады. Сондықтан бұл жағ­дай қайталанбау үшін осы іс-шараны қолға алып отырмыз, – деп атап өтті қабылданған құжаттың маңыздылы­ғына тоқталған Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары ­Сәкен Есір­­кеп.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 10 =