«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Тіл шебері кім?

0 128

Астанада қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бірдей игеріп, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тіл шебері – 2013» республикалық байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар өздерінің білімдерін сынап көрді. Олар мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде меңгергендерін көрсетіп, орыс және ағылшын тілдерінде де өзара сайысты. «Тіл шебері – 2013» бай­қауын Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Байқауға 65 үміткер өтініш білдіріп, олардың арасынан ең лайықты деген 10 үміткер қалалық байқауға жолдама алған болатын. Байқау шарты бойынша алдымен қазақ тілін қаншалықты деңгейде білетіндігі, тіл байлығы, сөйлеу шеберлігі тек­серілді. Қазылар алқасы сынға түсушілердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін де ескереді. Қазылар алқасының шешімімен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Аударма ісі мамандығы бойынша 3-курс студенті Сатымбекова Райхан 1-орын иеленді. 2-орынды Менеджмент және бизнес колледжінің 2-курс студенті Кристина Гаврилова алды. Ал 3-орын Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-нің 3-курс студенті Нұрбану Жол­дасоваға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ырысты ЖАЛҒАСБАЙ,
Ә. Марғұлан атындағы
№40 орта мектептің
10 «Ә» сынып оқушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды