Тіл шебері кім?

0 66

Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Тіл шебері-2021» республикалық байқауы өтті. Байқауға орталық атқарушы органдардан мемлекеттік қызметшілер қатысып, өзара сайысқа түсті.

байқау

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясы мен мәртебесін кеңейту, үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру, үштілділікті насихаттау. Дүбірлі додаға қызығушылық танытушылар қарасы қалың болды. Дегенмен жүзден жүйрік шыққандар оза шауып, бәйге алды. Бас жүлдені Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау қызметіндегі бас прокурордың аға көмекшісі Дархан Айтмағанбетов иеленсе, І орынды Сыртқы істер министрлігі халықаралық ақпарат комитетінен басқарма басшысы Асқар Ермұхан, ІІ орынды Әділет министрлігі экономика, қаржы және сауда саласындағы жобаларды сараптау басқармасының бас сарапшысы Алмас Әділханов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс басқармасының бас сарапшысы Еламан Уәли, ІІІ орынды Мемлекеттік күзет қызметі қызметкері Құмар Садықов еншіледі.

Ал жүлде алмаған басқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − thirteen =