«ТІЛ МЕРЕЙІ» МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

0 152

image-24-10-14-04-09-1

Астана қаласындағы Гуманитарлық колледжде қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауы өтті.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тіл­дерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді мақсат тұтқан байқауға әр аудан, қала, облыстан іріктелген мұғалімдер қатысты.

Екі күнге созылған сайыс қо­ры­тындыланып, бас жүлде қос­танайлық Айтгүл Доспановаға бұйырды. Ал 1-орынды Солтүстік Қазақстан облысынан келген Айым Қамырова, 2-орынды Ақмола облы­сының намысын қорғаған Ай­гүл Рысқұлова алса, 3-орынды алматылық Толқын Мадиева ие­ленді. Сондай-ақ төрт мұғалімді ын­таландыру сыйлықтарымен марапаттап, қалғандарын да назардан тыс қалдырмай, белсенділігі үшін ақшалай сыйлық табыстады.

 Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − eight =