Тиімділік пен ашықтыққа апарады

0 2

Сенаторлар жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Құжаттың басты мақсаты – мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, сатып алу рәсімінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту.

«Қаржы министрлігі Электронды қаржы орталығының деректеріне сәйкес, 2020 жылы жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,9 трлн теңгені құраған. Оның ішінде 2,4 трлн теңгеден астам сомаға тең шарттар тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жасалған. Бұл көрсеткіш мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлемінің 40 пайыз дан астамын немесе ЖІӨ-нің 3,6 пайызын құрайды» деді сенатор Еділ Мамытбеков.

Заң жобасындағы жаңашылдықтардың бірі – бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажетті негіздемелер санын қысқарту. Осыған орай әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды тауарлар мен олардың бағалары туралы ақпаратты орналастыратын Мемлекеттік сатып алу веб-порталы интеграциялаған жаңа ақпараттық жүйе – электрондық дүкен арқылы жүргізу ұсынылып отыр. Мұндай сатып алулар жалпы құны АЕК-тің 4000 еселенген мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға жүргізіледі.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 4 =